Kaspersky Security Center қалыптастырған автономды пакеттерді іске қосу

Желілік агент пен қолданбаларды бастапқы орналастырудың жоғарыда сипатталған тәсілдері барлық қажетті шарттарды орындай алмағандықтан, жүзеге аса бермеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, Kaspersky Security Center құралдарымен орнатудың қажетті параметрлері бар әкімші дайындаған орнату пакеттерінен жеке орнату пакеті деп аталатын бірыңғай орындалатын файл жасауға болады. Автономды орнату пакеті Kaspersky Security Center ортақ қатынасы бар қалтаға орналастырылады.

Kaspersky Security Center бағдарламасының көмегімен, таңдалған пайдаланушыларға ортақ қатынасы бар қалтадағы осы файлға сілтемені электрондық пошта арқылы (интерактивті түрде немесе "тыныш" орнату "-s" кілтімен) файлды іске қосу туралы өтінішпен бірге таратуға болады. Автономды орнату пакетін Kaspersky Security Center ортақ қатынасы бар қалтаға қатынасы жоқ құрылғы пайдаланушылары үшін электрондық пошта хабарға бекітуге болады. Әкімші автономды пакетті алынбалы дискке көшіре алады және пакетті кейін іске қосу мақсатымен қажетті құрылғыға жеткізе алады.

Автономды пакетті Желілік агент пакетінен, басқа қолданба пакетінен (мысалы, қауіпсіздік бағдарламасынан) немесе бірден екі пакеттен де жасауға болады. Егер автономды пакет Желілік агент пен басқа қолданбадан жасалса, онда орнату Желілік агенттен басталады.

Желілік агентпен автономды пакетті жасау кезінде, Желілік агентті орнату аяқталғаннан кейін жаңа құрылғылар (бұрын басқару топтарында орналастырылмаған) автоматты түрде көшірілетін басқару тобын көрсетуге болады.

Автономды пакеттер интерактивті түрде (әдепкі бойынша), оларға кіретін қолданбаларды орнату нәтижесін көрсете отырып немесе "тыныш" режимде ("-s" кілтімен іске қосылғанда) жұмыс істей алады. "Тыныш" режимді кез келген скрипттерден орнату үшін пайдалануға болады (мысалы, операциялық жүйенің кескінін орналастыру аяқталғаннан кейін іске қосылатын скрипттерден және т.с.с.). "Тыныш" режимде орнату нәтижесі процесті қайтару кодымен анықталады.

Басына оралу